Қасиетті Рамазан
Қасиетті Рамазан айында, Наурыз мерекесіне орай, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы қолдауымен, «Облыстық офтальмологиялық ауруханасы» ШЖҚ МКК басшысы Ч.А.Сеилбеков бастаған ұжым Түркістан облысының білім басқармасының "Төлеби отбасылық үлгідегі балалар ауылына" арнайы қайырымдылық іс шарасын өткізді.
Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 58 балаға жеке басына қажетті заттар, ойыншықтар, жеміс-жидек пен тәттілер және тұрмыстық техникалар тарту етілді.