Облыстық офтальмологиялық ауруханасы

Қазақстан, Шымкент, Құрманбеков к-сі, 2 (бұрынғы Тверская к-сі)
+7 (7252) 40 72 14
+7 776 000 88 57

Біз туралы

Облыстық офтальмологиялық ауруханасының емханасы жылына 20000 жуық келушілерді қабылдауға арналған емхана.

2022 жылдан бастап емхана кеңес беру-диагностикалық емханасы болып, облысымыздың және қала   емдеу мекемелерімен келісім шартқа отырып, диагностикалық және емдеу қызметімен қоса ҚР үкіметінің 2019ж 20 маусымдағы  №421 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі» туралы қаулысы және ҚР Үкіметінің 2020ж 16.10  № 672 Тегін медициналық көмектің кепілдігі туралы қаулысына байланысты, ҚР ДСМ 28.02.2012ж №120 «ҚР халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелерінің ережесін бекіту», бұйрықтары аясында  мамандандырылған  медициналық  көмек  көрсетеді. Сонымен қатар ақылы түрде амбулаториялық және стационарлық көмек алуға болады.

Келушілердің ыңғайына және жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін тіркеу кешенді медициналық ақпараттық жүйе порталымен  жүктелген компьютерлермен жабдықталған.

Консультациялық-диагностикалық көмек  

2020  жылдың 1 шілдесінен бастап бейінді мамандардың ақысыз кеңесі және кеңейтілген диагностикалық қызметтер  тек үш жағдайда қол жетімді болады:

1)Егер сіз МӘМС жүйесінің қатысушысы болсаңыз, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ай сайынғы жарналарды төлесеңіз және сізде тиісті көрсеткіштер болса

2)Егер сізде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетін әлеуметтік  маңызды,созылмалы немесе қоғамүшін қауіпті ауру болса

3)Тіркелген жердегі жалпы практика дәрігеріне/учаскелік дәрігерге жүгініп, жолдама алып Офтальмологиялық диагностикалық емханаға қаралыңыз.

Лаборатория

1. қолмен жасалатын әдіспен көздерден шығындыны бактериологиялық зерттеу

2. қолмен жасалатын әдіспен бөліп шығарылған өсірінділердің микробтарға қарсы препараттарына сезгіштікті анықтау

3. биологиялық материалды демодекозға зерттеу

Диагностикалық зерттеулер:

1. Оптикалық когеренттік томография

2. Ультрадыбыстық биомикроскопия

3. Биометрия

4. Жасанды интраокулярлық линза өлшемін анықтау

5. Гониоскопия

6. Циклоскопия

7. Авторефрактометрия

8. Кератометрия

9. Периметрия

10. Жылтыңдаудың қосылу критикалық жиілігін зерттеу

11. Маклаков бойынша көзішілік жанасқан қысымды өлшеу

12. Көзішілік қысымды өлшеу аппаратпен өлшеу

13. Тор қабатты лазерлік коагуляциясы

Рентгендік зерттеулер:

1. бассүйектің рентгенографиясы (2 кескін)

2. түрік ер-тоқымының рентгенографиясы

3. мұрын қуысының  рентгенографиясы

4. Резе бойынша орбитаның рентгенографиясы

5. дакриоцистография

Жалпы клиникалық ем шаралар:

1. парабульбарлы егу

2. ретробульбарлы егу

3. шырышты қабатқа егу

4. новокаиндік блокада

5. жас қапшығының флегмонасын емдеу

6. жас жолдарын жуу

7. жас жолдарын арнайы зонд арқылы кеңейту

8. көзді жансыздандыру (циклоанемизация)

9. отадан кейнгі көз жібін алу

10. көздегі бөгде затты алып тастау

Консультациялық-диагностикалық емханада арнайы мамандандырылған глаукома науқастарын қабылдау, отадан кейінгі науқастарды қабылдау, қан тамырлары патологиясы бар науқастарды қабылдау кабинеттері ұйымдастырылған. Глаукоманы ерте анықтау барысында емхана дәрігерлеріне ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетіледі, тонометрист - медбикелер машықтанудан өтеді.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу