Облыстық офтальмологиялық ауруханасы

Қазақстан, Шымкент, Құрманбеков к-сі, 2 (бұрынғы Тверская к-сі)
+7 (7252) 40 72 14
+7 776 000 88 57

Алыстан қөрмеушілік (близорукость)

Алыстан қөрмеушілік (близорукость)

Алыстан қөрмеушілік (близорукость) - көз кемістігі, мұндайда адам алыстан жөнді көре алмайды. Бұл кемістік бөлмеде   жарықтық жеткіліксіздігінен, затқа көзді тым тақап жұмыс істеуден (оқу, жазу, кейбір қолөнері кәсібімен шұғылдану) т. б. болады. Алыстан көрмеушілік әдетте балалардың мектепте оқып жүрген кезінде басталып, кейіннен өрши түсуі мүмкін. Мұндайда көз тез талады; ұзақ уақыт  сабаққа дайындалғаннан кейін көзінің түбі сыздап ауырады; көзі бұлдырайды. Затты айқын көру үшін оны амалсыз көзіне тақауға мәжбүр болады. Ойыс әйнекті көзілдірік кигенде мұндай кемістік түзеліп, көздің бұлдырауы жойылады.

Алыстан көрмеушіліктің алдын алу үшін ең әуелі жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасап, көзді талдыратын себептерді болдырмау қажет. Көзге жақын қойылатын заттармен жұмыс істегенде бөлмеде жарық  жеткілікті болуы, еңбек және тынығу режим бұлжытпай орындалуы тиіс. Мектеп  жасындағы балалар оқығанда және жазғанда кітабы мен дәптерін 33—35 см-ден жақын тақамауы, басын тым еңкейтпеуі ескертілгені жөн. Түнде сабақ оқығанда не жазғанда стол шамын (ең кемі 40 Вт) пайдалануы тиіс, оны қарсы алдына немесе сол жағына қойып, кітапқа немесе дәптерге қолдың көлеңкесі түспейтіндей етеді. Оқушылар сабағын 45-50 минут оқығаннан немесе жазғаннан кейін 5-10 минут тынығып, көзді дем алдырыл алу лары қажет.

Егер алыстан көрмеушілік пайда болса, онда басты міндет - оны әрі өршітпеу шараларын қарастыру болып табылады. Ол үшін дәрігердің берген нұсқауларын бұлжытпай орындау керек. Алыстан көрмейтін көздің оптикалық кемістігі көзілдірікпен (дәрігердің нұсқауы бойынша) түзетіледі. Кейде, алыстан көрмеушілік тым асқынған жағдайда, кәдімгі көзілдіріктен жәрдем болмаса, онда көзге жанаспалы (контактілік) әйнек қондырылады. Бұл — көздің мүйізгек қабатында сәуленің дұрыс сынбауын (ассигматизмді) түзету үшін қолданылатын ілдіріксіз көзілдірік. Ол органикалық шыныдай немесе пластмассадан жұқалап жасалады да (кератоконус, ассигматизм, афакия кезінде), тікелей көздің мүйізгек қаб атына кигізіледі. Мұндайда басқа адамға оның көзілдірік кигені, линза қондырғаны байқалмайды. Ауруға шалдыққан жағдайда көз тканін қоректендіруді жақсартатын және оның кенересін нығайтатын дәрідәрмектермен. емделу курсын ұдайы алып отырған жөн.

Алыстан көрмеушілік байқалған бойда, арнайы жаттығулар жасаған пайдалы, мұның өзі көп жағдайда оның одан әрі өршуін тоқтатуға немесе едәуір баяулатуға мүмкіндік береді.

Алыстан көрмеушілікті одан әрі өршітпеуде жоғарыда айтылған гигиеналық талаптарды бұлжытпай орындаудың айрықша маңызы бар. Сабақ оқудан немесе кәсіптік қызметтен басқа жағдайда мүмкіндігінше көзді талдырмаған жөн. Көзге күш түсетін жұмыс істеген кезде әр 30—45 минуттен кейін 10—15 минут тынығу қажет. Алыстан көрмеушілігі асқынған адамдардың ауыр зат көтеруіне, тым шапшаң қимыл жасайтын спорт түрлерімен (мәселен, ауыр атлетика , бокс, күрес, акробатика т. б.) шұғылдануына болмайды. 

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу