Глаукома
Глаукома – көз кеселі, көз іші қан қысымы көтеріліп, көру нервтерінің біртіндеп жансыздануына алып келеді.Глаукома ауруына ұшыраған адам алғашқыда оны сезбеуі мүмкін,сөйтіп,көру жүйкесі әбден жойылып,көз жанары мүлдем әлсіреп,көруден қалған кезде ғана дәрігерге жүгінеді.глаукома көз кеселдерінің ішіндегі ең қауіптісі, ол суқараңғылыққа алып келеді.Дер кезінде ем қолданса бұл ауруды тежеп,көру қабілетін сақтап қалуға болады.
Себептері:
- тұқым қуалау факторы
-егде тарту (40жастан жоғары)
- алыстан көрмеушіліктің жоғары деңгейі
-көздің жарақаты және басқа көз кеселдері
- атеросклероз,гипертониялық ауру
-қант диабеті
Белгілері
-көздің көруі үздіксіз төмендеп,көзілдірікті жиі ауыстыруы
-жарқыраған жарыққа қарағанда көз алдында «кемпірқосақ» шеңберінің пайда болуы
-таңертеңгі мезгілде көз ұясында әсіресе қабақ ұясының ауруы, қан қысымыныңкөтерілуін сезіну
-көз алдының тұмандануы,заттардың айқын көрінбеуі, екі көздің көру шегарасының айқасып,тарылуы
Осы айтылған белгілердің бір-екеуі белгі берсе тездетіп,дәрігер-офтальмологқа көріну керек!
Глаукоманың алдын-алу:
- Міндетті түрде скринигтік тексерулерден үнемі өту
- Қан қысымын бақылау
- Қант диабетін дамытпай алдын алу
- Еңбек ету және дем алу режимін сақтау
- Физикалық белсенділікті қадағалау
- Салауатты тамақтану