Тез жазылу үшін кеңестер
Операциядан кейінгі кезең аз мерзімде және асқынусыз өту үшін
• Операциядан кейінгі бірінші екі-үш аптада ұйықтаған кезде операция жасалған көз жағымен жатпауға тырысыңыз;
• Операция жасалған көзді қолмен уқаламаңыз және оны баспаңыз;
• Душ немесе ванна қабылдағанда су және сабын көпіршіктері көзіңізге кірмеуін қадағалаңыз. Душтан кейін зарарсыздандыратын көз тамшыларын тамызғаныңыз дұрыс;
• Көшеге күннен қорғайтын көзілдірік тағып шығыңыз;
• Операция жасалған көзді температуралық ауытқулардан йсақтаңыз. Операциядан кейінгі бірінші үш айда моншаға , бассейнге бармауға тырысыңыз;
• Ауыр көтермеңіз;
• Операциядан кейінгі үш айда ауыр жұмыстар істемеңіз, әсіресе басты тез еңкейтуді талап ететін жұмыстар;
• Жердегі затты алу үшін еңкеймей, жай ғана отырып алыңыз;
• Көзге бояуды операциядан кейін бір айдан кейін қолдануға болады;
• Операциядан кейінгі бірінші үш аптада спортпен айналысуға мүлдем болмайды. Уақыт келе таңғы гимнастика жасауға, жүзуге, жай жүгіруге және басқа да дене жаттығуларын жасауға болады (қысқа қашықтықтарға жүгіруге, суға секіруге, атқа мінуге, ауыр салмақ көтеруге, боксқа мүлдем тиым салынады );
• Көзіңіз толығымен жазылғанша машина айдаудан бас тартыңыз.
І санатты дәрігер: Кудасов Ж.Е
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық офтальмологиялық ауруханасы» МКК