Облыстық офтальмологиялық ауруханасы
Біз туралы
Облыстық офтальмологиялық ауруханасының емханасы жылына 20000 жуық келушілерді қабылдауға арналған емхана.
2022 жылдан бастап емхана кеңес беру-диагностикалық емханасы болып, облысымыздың және қала емдеу мекемелерімен келісім шартқа отырып, диагностикалық және емдеу қызметімен қоса ҚР үкіметінің 2019ж 20 маусымдағы №421 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі» туралы қаулысы және ҚР Үкіметінің 2020ж 16.10 № 672 Тегін медициналық көмектің кепілдігі туралы қаулысына байланысты, ҚР ДСМ 28.02.2012ж №120 «ҚР халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелерінің ережесін бекіту», бұйрықтары аясында мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар ақылы түрде амбулаториялық және стационарлық көмек алуға болады.
Келушілердің ыңғайына және жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін тіркеу кешенді медициналық ақпараттық жүйе порталымен жүктелген компьютерлермен жабдықталған.